Қайтарылған активтердің 1,4 миллиард теңгесіне Ақтөбе облысында медициналық мекемелер салынады
Фото: Ru.freepik.com
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде заңсыз иемделген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1,4 миллиард қаражат 11 нысанның, атап айтқанда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына бағытталды.
2025 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Нұра ауылында және Байғанин ауданы Ноғайты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады.
Сондай-ақ медициналық пункттер:
-
Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
-
Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
-
Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
-
Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
-
Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
-
Ырғыз ауданы, Жарма ауылында бой көтереді.
Дәрігерлік амбулаториялар:
-
Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
-
Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
-
Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген. Бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
