Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың Жұлдызы ашып, Болаттың Жұлдызы жапты": Kazakhstan Fashion Week сән апталығы қызу талқыға түсті

Алматыда сәнқойлар асыға күтетін Kazakhstan Fashion Week сән апталығы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz 

Ktk.kz арнасының мәліметінше, осы жолы 30 дизайнер ұсынған киім-кешектен бұрын, оны киіп шыққандар подиумның сәнін келтірді. Модельдердің қатарында марқұм Болат Назарбаевтың жары да, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз да жүр.
Марқұм кәсіпкердің жары, Жұлдыз Тұрсынбекқызы Arunaz atelier сән үйінің көйлегін киіп шықты. Ол подуимға ең соңғы болып шыққан. Болат Назарбаевтың әйелі сән апталығындағы видеоларын өзінің әлеуметттік желідегі парақшасында да бөліскен. 



Одан кейін, дизайнер Назым Қарпықова топтамасын таныстыруға бес тұрақты клиентін шығарғанын айтады.

“Менен көйлек алуға келгенде "Назым, біздің де модель болғымыз келеді” деп айтатын. Осы жолы соларды шақырдым. Осындай подиумға, Қазақстан сән апталығына қатысуларыңызға болады” дедім. Бәрі тамаша өтті”, – деді дизайнер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, таңданысын жасыра алмай жатыр. 

“Болат тірі болғанда бірінші шығар ма еді”, “Қайраттың Жұлдызы ашып, Болаттың Жұлдызы жапты", “Болаттың әйелінің киімі кеңес заманын еске түсіреді”, “Қазақстанда Қайраттың Жұлдызынан басқа модель жоқ па деймін”, – деп жазды көпшілік. 

 

Талқылау