Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінтанушы: Кей қыздар хиджабты желіде көп лүпіл жинау үшін киеді

Соңғы кезде жастардың мешітке барып, хиджаб киюі сәнге айналғандай әсер қалдыруда. Мұнымен қатар, ислам дінін қабылдамаған әлемдік деңгейдегі жұлдыздар желідегі парақшасын хиджабтағы суреттерімен толтырып жатыр. Шын мәнінде, мұның астарында не жатыр? Аталған сұраққа қазақстандық дінтанушы ғалым жауап берді.

cool-ea-girl-hijab-Favim.com-2933084

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Бұл сұраққа бір қырлы жауап беруге болмайды. Алдымен, сол орамал таққан қыздардың ішкі ниетіне қарауымыз керек. Дінге бет бұрған қыздың орамалға орануы, шәлісін тағуы дұрыс. Олар мұны Алланың ақ жолында жүріп, күнә жасап қоймайын деген ішкі сеніммен жасап жүр. Көпшілігі осы діни міндетін атқару үшін істеп жүр. Арасында әлемге аты белгілі мега жұлдыздар да орамал тағып, шариғатқа сай киімдер киіп, әртүрлі жағдайда сурет, видеоға түсіп жүр. Меніңше, осы тұста олардың екі ниеті бар.

Біріншісі, қазір Еуропада, әлемде исламофобия, яғни исламнан қорқу науқаны бар. Мұсылман қыздар кей Еуропа елдерінде қысымға ұшырайды. Соларды қорғап, қолдап, жақсы ниетпен өздерінің суреттерін жариялайды. Менің білуімше, Францияда орамал тағу күні мұсылман емес қыздар хиджабтағы бойжеткендерді қолдаған болатын. Барлығы бірдей орамал тағып, хиджаб киіп, көшеде флешмоб жасады. Екінші мақсат – ерекше фотосын жариялап елді селт еткізіп, лүпіл жинау болуы мүмкін. Әрине, нақты себебін бір Алла біледі», – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Ал абайтанушы Омар Жәлел барша қазақ қызын хиджаб емес, ұлттық мәдениетімізге сай киімдерді киюге шақырды.

«Қазақ әрдайым бірінші байлықтың денсаулық екенін айтып жүреді. Екінші байлық он саулық, үшінші байлық ақжаулық дейді. Сонда қазақтың дүниетанымында ақжаулық – жар мен жұбай ұғымының баламасына айналған. Жалпы қазақта тұрмысқа шыққаннан кейін басына ақжаулық салады. Осылайша ол жаңа әлемге аттап, мойнына жаңа міндет алады. Одан кейін ана атанып, кемеңгерлікке, даналыққа жету деген ұғымдардың барлығы ақжаулықтан басталады. Орамалдың түсі үйге келген келіннің аппақ арының символын білдіреді екен. Келін бала енесі тірі тұрған кезде көп ұл тапса да, төрге шықпайды. Тек енесі дүниеден өткеннен кейін ғана осы мәртебеге ие болады екен. Одан кейін мәртебесі өскен сайын жаулықтың үстінен шылауыш орай бастайды.

Үлкен ана болған кезде кимешек киеді. Кимешек дегеніміз – тек беті көрінетін үлкен киім. Бізде тұрмысқа шыққан адамның жаулықсыз жүруі мүмкін болмаған. Қазіргі кезде біз осыны ұмыттық. Қызылордалық жігіттер «жаулық таққан келіншекті көрсек, оның тұрмысқа шыққанын бірден білеміз» деп айтушы еді. Қазір кімнің тұрмысқа шыққанын, шықпағанын білмейміз. Мұның сондай бір сөлекеттігі бар. Біз Еуропа мен Англияның емес, өзіміздің қазақтың дәстүрін ұстануымыз керек. Мысалы, Шымкент пен Қызылордада тұрмысқа шыққан қыз қоғамдық орында міндетті түрде орамал тағады. Мен зайырлы ортада тәрбиеленген қыздардың үйге кірерде орамал тағатынын білемін. Ал басқа жерге барғанда тақпайды», – дейді Омар Жәлел.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда балалар үйінің бүлдіршіндері директордың өздерін жиі ұратынын айтты

Алматыда жолаушылар автобусы “жасыл” түске өтіп бара жатқан қызды қағып өтті

Алматы облысында 17 жастағы қызды жездесі зорлап өлтірген

Мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әкім арақты мәжбүрліктен ішкенін айтты

Талқылау