Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген ресми хабарламада.
Сот мамандарының айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтерді жариялауға болмайды.
Айта кетсек, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Сатыбалды қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісіне күдікті деп танылған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді