Қайрат Нұртастың әнші інісі қалыңдығын көрсетті
Айдарбековтер әулеті жақында тағы бір жанмен толықпақ. Үйдің кенжесі Заңғар 9 жыл бойы кездескен сүйіктісімен үйленуге ниетті. Сүрбойдақ қалыңдығын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"9 жыл болыпты, уақыты келген шығар, иә?" – деп жазба қалдырды.
Артынша ата-анасымен және қалыңдығымен кешкі ас ішіп отырған сәтін жариялады. Кадрдан бейтаныс екі кісіні көруге болады. Көпшілік "бұл болашақ келіннің ата-анасы" деп болжады.
Айта кетейік, Заңғар Нұртас көпшілікке 2018 жылы шыққан “My universe” әнінен кейін танылды. Ағасы Қайратпен дуэт айтып шыққан ол кейін жеке топ құрды. Бүгінде анасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлына продюсерлік етіп, оны танытуға бар күшін салуда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан