Қайрат Нұртасты ұлымен бірге көрген жұрт қуанып қалды
Соңғы кездері жеке өмірі жиі талқыға түсетін Қайрат Нұртас ұлының туған күніне қатысып, жұртты қуантып қойды. Әкесі мен баласының қауышқан сәтін Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есесіне демалыс күні ұлының туған күніне қатысты. 11 жасқа толған Нарұл жеке мерекесін футбол алаңында достарымен бірге атап өтті. Оның туған күніне достарынан бөлек, әкесі Қайрат пен ағалары Аян мен Заңғар келді. Көпшілік Қайратты ұлымен бірге көріп, қуанып қалғандарын жеткізді.
"Бірге бақытты болыңыздар", "Сіздер үшін қуаныштымын, осылай достасып кетесіздер", "Неткен керемет, балаларды әкесінен айырмаңызды, өтініш", "Бала үшін ата-ананың бірге болуы қандай бақыт", "Халық тынышталып қалатын болды-ау мынаны көріп", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын әкесінің туған күніне жібермеген еді. Кейін актриса бұл әрекетін түсіндірді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты