Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Жақсының рөлін ойнап жүргендер көп

Көптен тыңдарман алдына шықпай кеткен Қайрат Нұртас желіде жазба жариялады. Желі қолданушылары бұл әншінің көңіл күйіне қатысты деп болжады. 

“Өткен, кеткен, келерді сезіп жүріп,
Өзгеге айта алмаймын өзім біліп.
Жақсының рөлін ойнап жүргендер көп,
Көргенін жасырып тұр көзілдірік”, – деп жазды Қайрат. 

Әнші соңғы кезде желіде мұңды жазба жариялап жүр. Мұны көпшілік отбасылық өмірімен, жеке өмірімен байланыстырады. Әншіні жары Жұлдызбен ажырасып кетті деп сөз ететіндер қатары тым көп. Алайда Қайрат та, Жұлдыз Әбдікәрімова да отбасына қатысты қауесетке жауап берген жоқ. 

Жазбаға ақын Саят Әбенов өлеңмен жауап берді. 

“Көргенді жасырса да көзілдірік,
Қу сынақ қоймас оңай көз ілдіріп.
Әлі де бақытты күн оралады,
Бәріне керек, Қайрош, төзімділік!”, – деп жазды ол. 

Өзге желі қолданушылары да басу айтып, жұбатуға тырысты. 

“Қайрат, Алла бәрін көріп тұр. Ешкімге сенбе, жүректе Алла болсын”, “Бұрын Жұлдыз ұнайтын, Қайраттан бөлінгесін ұнамай қалды”, “Қашанғы жылай бересің, ер азамат секілді мінез танытшы”, “Аман жүр қайда жүрсең де, ақ Қайрош”, “Жұлдызбен ажырасып кеттің бе? Төрт бала бар емес пе?”, “Отбасыңа неге бармайсың, солармен яғни балапандарыңмен, әдемі жарыңмен суретке түскен жарасымды”, “Ажыраспаған шығар, кім шығарған әңгіме бұл?”, – деп жазды олар. 


Талқылау