Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бесік құда болды
Қайрат Алматыға ата басын бұрса Төрешке, Төреғали Нұр-Сұлтанған барып жатса, Қайраттың үйіне қонақ болып барады. Сондай кездесулердің бірінде әншілер құда болуға ниет білдірген.

Қайраттың ұлы Хан мен Төрештің қызы Тоғжан екеуінің ұқсастықтарын да байқаған. Расында екі бүлдіршіннің сөйлеген сөзі де, қылығы да бір бірінен аумайды. Бұл туралы Revue бағдарламасында айтылды.
Әншілер осыны ескерді ме, әлде достықтарының мыңжылдық болуын қалады ма, әйтеуір бесік құда болуға уағдаласты.
Бұл туралы әншілер не дейді.
"Бәрі Алланың қалауымен ғой. Бір жапырақ та Алланың қалауынсыз түспейді дейді ғой. Сондықтан бәрін болашақта көре жатармыз", - дейді Төреғали.
Қос әнші жиі кездесіп, сыр ақтарысып, шүйіркелесіп жүретіндерін мойындады.
"Сағынамыз, көргіміз келеді, сағынысып көрісеміз, оның несін жасырамыз", - дейді Қайрат.
Қайрат Нұртас мылқау жанкүйері ұсынған костюмнен бас тартып, кеудесінен итерді
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"