Қайрат Нұртас: Анам жанымда ұзақтау жүрсе екен
Қайрат Нұртас анасы екеуінің суретін жариялап, жазба жариялады. Әншінің жазбасы көпті ойландырды.
“Кеудемде жаным барда анама әлемді көрсетсем арманым жоқ. Жанымда ұзақтау жүрсе екен, Ин ша Алла”, – деп жазды Қайрат Нұртас.
Әнші анасының туған күнінде де ерекше жазба қалдырып, шын тілегін жеткізген еді.
“Алла ғұмырыңызды ұзақ қылса екен. Сіздің ұлыңыз болып туғаным үшін бақыттымын”, – деді Қайрат парақшасында.
Төреғали Төреәлі, Нұрболат Абдуллин Қайрат Нұртастың сөзін қостады.
“Әлемдегі ең нәзік дүние – ана махаббаты”, – деді Нұрболат.
“Анаңыздың жасы жүзге жетсін”, “Әумин, арманыңа жеткізсін Алла! Анаң үшін қолдан келсе әлемнің төрт бұрышын сыйласаң да артық емес!”, “Әр баланың махаббаты сіздікіндей болса ғой анасына деген”, “Сіздей ұлы бар ана бақытты”, “Анаңызға ұзақ ғұмыр берсін”, “Бала болсаң, осындай бол. Анасын сыйлаған адам Алланы сыйлаған адам”, “Осындай баладан қалай айналмайсың ба?”, “Балаларыңыздың да анасы барын бір сәт ойласаңыз екен”, “Қыздар, қызықсыңдар, әйелім бар екен деп анасын ойламау керек пе?”, – деп жазды көпшілік.