Қайрат Нұртас алғаш рет 60 миллион теңгеге алған қымбат көлігін көрсетті (видео)
Қайрат Нұртас 60 миллион теңгеге алған көлігін көрсетті. Әнші оқырмандардан алғаш рет сүйінші сұрап, қымбат тұлпар алғанын айтты. Әнші 2020 жылы шыққан Лексус-570 көлігін тізгіндеді.
Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы хабарлады. Қайрат Нұртас тележүргізушінің желідегі оқырмандарына қымбат көлігін көрсетуге келісті.
"Қайрат алғаш рет оқырмандарына көлігін көрсетіп жатыр. Қымбат көлікті тізгіндеді. 2020 жылы шыққан Лексус-570 көлігін алды. Құтты болсын, Қайрат. Көрімдігіңді берем", - деді тележүргізуші.
Әнші алғысын айтты. Көліктің ішін де көрсетіп, көпшілікке таныстырып жатыр.
"Нөмірі де vip нөмір екен. Түсі де, іші де әдемі. Соңғы үлгідегі қымбат көлік", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Желі қолданушыларының бірі құтты болсын айтты, енді бірі әншіні айыптап жатыр.
"Ол неге беру керек біреуге. Өздерің беріп жүрсіңдер ме? Біреудің нәрсесіне телміруді қашан қояды екен адамдар. Құтты болсын өзің мініп өзің тоздыр", "Мақтанудың қажеті қанша халқым қиналып жатқанда", "Мақтанып керек емес", "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген осы", - деп жазды желі қолданушылары.
Еее құдайым осыған бас бермеді, бас берсе де шайнам ақыл бермеді