«Қайрат» клубы Грузия чемпионымен өткен ойында жеңіске жетті
Алматылық «Қайрат» клубы грузиялық «Торпедо» командасымен өткен серіктестік ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: “Қайрат” ФК сайты
Түркиядағы жиын аясында өткен командалар кездесуі қазақстандық ойыншылар пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. «Қайраттың» қорғаушысы Шелдон Бато ойынның 88-минутында гол соқты.
Карлос Феррера командасы үшін бұл соңғы жиындағы екінші ойын болды. Біріншісінде алматылық клуб венгриялық футболшылармен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді.
Айта кетсек, 20 ақпанда «Қайрат» клубы тулалық «Арсенал» командасымен ойын өткізеді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық Макгрегор кәсіби рингке шығуға бел буды
Головкин-«Канело» қарымта кездесуіне арналған трейлер жарияланды (видео)
Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды
Егіздердің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады (фото)
Талқылау