Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат қарсы болған": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасының ауылына салып берген нысанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележүргізушінің айтуынша, кәсіпкер күйеуі туған ауылына балабақша салып берген. 

“Кеше осы видеоны Қызылкөлдің келіні Әйгерім жіберді. Соңына дейін көріңізші, бұл біздің отбасымыз үшін өте бір ыстық, құнды тарих. Осы балабақша салынып жатқанда Сардарыма аяғым ауыр еді. Салынып біткенде жергілікті халық атын "Қайрат" деп қоямыз дегенде Қайрекең қатты қарсы болған. Ауыл ақсақалдары балабақша біздікі, бізге салдың, біз өзіміз шешеміз деген соң, амал жоқ, келісті. Үлкенді сыйлаған, үлкеннің сөзінен озбаған халықпыз ғой. Осы мекемені жылдар бойы ескіртпей, күтіп отырған меңгерушісі Нұржамал апай мен ұжымға алғысым шексіз!”, – деп жазды журналист. 



Сондай-ақ әңгіме барысында медиа өкілі балаларының армандарын айтып, үлкен азамат болып өсуін тіледі. 

“Қазір ұлдар әкесінің әр еңбегі мен жақсылықтарынан хабардар. Ауылға да барып тұрамыз, басымыз қосылса болды, естеліктерді айтып, сырласамыз. Ендігі арманым, Сағадат пен Сардар әкесінің ізін жалғап, салиқалы азамат болып өссе деймін”, – деді тележүргізуші. 

Еске салайық, медиа маманы марқұм жолдасына жазба арнап, қолдауын аңсап жүргенін жазып еді. 

 

Талқылау