"Қайрат" ФК 2026 маусымға арналған жаңа формасын таныстырды

"Қайрат" футбол клубы 2026 жылғы маусымға арналған жаңа форманың дизайнын ұсынды. Өзгерістер клубтың дәстүрлі қара-сары жолақтары бар негізгі формасына да, қонақтағы ойындарға арналған форма мен қақпашы формасына да енгізілді.
Негізгі форманың жағасы айтарлықтай өзгертілген, сондай-ақ жең манжеттері де жаңартылды. Қонақтық формада басты ерекшелік – манжеттер мен жағасына қара-сары түстердегі қазақтың дәстүрлі ою-өрнегінің қосылуы болды. Қақпашылар формасы толығымен өзгертілді: әрі өрнегі, әрі түс гаммасы жаңартылған. Сонымен қатар формада бірнеше жаңа демеуші пайда болды, бірақ негізгі демеуші бұрынғыдай – 1XBET.
Жаңа форманы жақын арада "Қайрат" дүкенінен сатып алуға болады.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"