Қайрат Боранбаев мемлекетке тағы 120 миллиард теңге қайтарды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қайтармаған активтері бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/kairat4
Елемесовтың айтуынша, Боранбаевтан активтерді қайтару ісі әлі де жалғасып жатыр.
“Боранбаев бұған дейін сот үкімі бойынша сотталып, келтірілген шығын өтелген. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 млрд теңге аударды. Қазіргі кезде кәсіпкерден тағы да бюджетке қаражат аудару мәселесі қарастырылуда. Өйткені жеке тұлғаның салық төлеуден жалтару, қаражат жымқыру әрекеттері секілді басқа да қылмыстық істер бар. Осы істер аясында қазір активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде”, – деді Жеңіс Елемесов.
Еске салсақ, мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгертіліп, кәсіпкер шартты түрде бостандыққа шыққан еді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ