"Қайрат" "Атырауды" ойсырата жеңіп, Қазақстан кубогының ширек финалына шықты
Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турында "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі.

Айта кетсек, “Атырау” турнирдің келесі кезеңіне жолдама алу үшін сайысқа түскен болатын. Ал алматылық құрама бұған дейін А тобына өткен еді.
Бірінші таймның соңына қарай "Қайраттың" екі ойыншысы Сергей Кейлер мен Данияр Үсенов екі гол соқты. Екінші таймда Вячеслав Швырев пенальтиден командасы үшін тағы бір ұпай еншіледі.
Осылайша, "Қайратпен" бірге шымкенттік "Ордабасы" турнирдің ширек финалына шықты, ал "Атырау" ойыншылары үйлеріне құр алақанмен қайтты.
Футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткендердің тізімі анықталды
Айта кетейік, алматылық клуб Қазақстан Кубогының топтық кезеңде барлығы 16 ұпай жинап, көш бастап тұр.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

