Футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткендердің тізімі анықталды
Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турындағы матчтардың қорытындысы бойынша сайыстың плей-офф кезеңіне кім өткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Топтық кезеңнің нәтижесінде Алматының "Қайрат", Шымкенттің "Ордабасы", Қызылорданың "Қайсар", Оралдың "Ақжайық", Тараздың, Атакенттің "Мақтаарал", Қарағандының "Шахтері" және "Астана" турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Ал бүгін D тобындағы "Астана" мен "Шахтер" ширек финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі чемпионы – қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан чемпионатының көшбасшысы "Ақтөбе" турнирден шығып қалды.
Кесте бойынша Қазақстан Кубогының ширек финалының матчтары 31 тамызда, жартылай финал 19 қазанда, финал 12 қарашада өтеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”