"Қайрат" "Ақжайық" командасынан жеңіліп, Қазақстан кубогынан шығып қалды
Оралдық "Ақжайық" командасы "Қайратты" жеңіп, Қазақстан кубогының жартылай финалына өтті. Матч 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы таймда командалар гол соқпады. Алайда дәл үзіліс алдында Вячеслав Швырев екінші сары карта мен қызыл карта алды.
Бұған қарамастан "Қайрат" капитаны Сергей Кейлер 78-минутта есеп ашты. Ал 87-минутта Виктор Васин өз қақпасына гол салды. 90-минутта Оралхан Өміртаев гол салып, командасына жеңіс алып келді.
Жартылай финал матчі 19 қазанда, ал финал 12 қарашада өтеді.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті

