Кавасаки синдромы анықталған екі баланың көз жұмуы: Министрлік пікір білдірді
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда Кавасаки синдромынан көз жұмған балалар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көз жұмған балаларға тоқталсақ, оның бірі 15 жаста еді. Ол жүйелі қызыл жегімен ауырды. Бұл ауру ағзаны жүйелі түрде зақымдайды. Баланың қанында коронавирус антиденелері анықталды. Екінші бала 2,5 жаста болды. Ол тромбозбен ауруханға түсті. Сәбидің қан анализінде коронавирус инфекциясы тіркелді», - деді Ажар Ғиният.
Вице-министрдің айтуынша, синдромға шалдыққан ең алғашқы бала 29 шілдеде анықталған. Қазіргі таңда елімізде 41 бала аталмыш ауруға шалдыққан.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан екі баланың көз жұмғаны жайлы айтылған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған