Қауынды қалай таңдаған дұрыс?
Қауын ішінен оның тәттісін таңдай аласыз ба? Қарбыздың дәмділігін ақ-сары белгісіне қарап ажырататыны секілді қауынды да кей белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады. Қауынды жол юойында немесе жерде сататындардан алмаған абзал.

Қауынды саусағыңызбен шертіп көргенде одан қатты емес, түтіккен дыбыс шығу керек.
Піскен қауынның екі жағы аздап жұмсақтау келеді. Бірақ өте жұмсағын таңдамаңыз.
Қауынның сыртында жарықшақтар болмауы керек. Ал, нағыз піскен қауынның қабығы осал келеді. Оны саусағыңызбен тырнап тексеріп көрсеңіз болады.
Дәмді қауынның иісі бұрқырап сыртына шығып тұрады. Алайда, одан шөптің иісі шықпауы керек. Мүлде иіс шықпағаны да дұрыс емес.
Сондай-ақ, қауынның да құйрығы қарбыздікі секілді шіріген болса, ол оның дәмділігінің белгісі.
Жіберіп алмаңыз:
Қарбызды дұрыс таңдаудың 5 әдісі (фото)
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес