Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты ренжіткен": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің кітабына бірінші отбасы не үшін енбегенін түсіндірді

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова осыдан 17 жыл бұрынғы шығармашылық кешінен үзінді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесінің 2007 жылғы концертінде Мерей Заманбекқызы әкесінің кітабынан әншіге арналған өлеңін оқиды. 

“5 жастағы Мерей. Зәкеңнің соңғы кітабындағы арнауын оқыды. Мерей 3 жасынан бастап, әріп танып, кітап оқыды. Мектепте барғанда бірден 3-сыныпқа қабылдайық” деген еді, Мерей достарымен бірге оқығанды қалады. Марқұм Зәкең тілін қызық көріп, “Тасжарған” деген газеттегі материалдарды оқытып қоятын. Мерейдің мектепке барғанын көрмесе де, кітап оқығанын көріп кетті”, – деп жазды өнер иесі. 



Желі қолданушылары марқұм саясаткердің ғашығы Мақпал Жүнісоваға арнаған өлеңіне таңдай қағып жатыр. “Сізге шығарған өлеңін кітабына енгізіп кетіпті. Бірінші отбасын мүлдем қозғамапты. Өкпе мен реніші қалған-ау” деп жазды желі қолданушысы. 

“Қатты ренжіткенін айтты”, – деп қысқа қайырды әнші. 

Сондай-ақ халық әртісі үш жыл сахнаға шығармай қойғанын да оқырмандарына айтып берді. 

“Зәкеңнің әйелі болғаным үшін үш жыл сахнаға шықпадым. Концерттерге қатыстырмады. Қара тізімде жүрдім. Бар жазығым – билікке қарсы шыққан Зәкеңнің жарымын. Мына жерде 43 жастамын. Қайран, жастық. Осы сәтті сағынамын”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, халық әртісі су тасқыны кезінде концерт беріп, халықтың сынына ұшыраған еді. 

 

Талқылау