Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды
24 маусым күні күшті жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Сол себепті Нұр-Сұлтан мен төрт аймақта дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде найзағай соғады, солтүстік және солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Аймақтың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысында секундына 15-20 метрге дейін солтүстік-шығыстан жел соғады.
Күндіз Маңғыстау облысында қарқынды жылу 39 градусқа дейін сақталады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған