Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатып қалған нан, салқын тағам": Алматы облысында ата-аналар тағы да мектеп асханасындағы тамақ сапасына наразы

Алматы облысының Қараой ауылында ата-аналар мектеп асханасының өызметіне шағымданды. Айтуыларынша, мұнда қатып қалған нан береді. Ал ұсынылатын тағам салқын әрі иісі біртүрлі болады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжеттен скрин

Ата-аналардың айтуынша, балалар негізгі тағамды жеуден бас тартады.

“Бұл тегін тамақ екенін түсінемін. Бірақ кешіріңіз, балалар оны жей алмаса, пісіргеннен не пайда? Мемлекет сол үшін қаржы бөліп отыр! Сіз тендерді ұтып, сол үшін ақша алдыңыз. Неліктен біздің балаларымызға мұндай көзқарас көрсетеді?” – деді ата-ана Вероника Балғабаева.

Оның үстіне асханада шыбын толы көрінеді. Ата-аналар жәндік кездейсоқ тағамның "құпия ингредиентіне" айналуы мүмкін деп қорқады.

“Сыртта суық, мұнда жылы. Есіктер ашық тұрады. Біз бұл шыбындармен әр ауысым, әр қоңырау сайын күресеміз. Қыздар менің сөзімді растайды. Бірақ есік ашық болғандықтан олар кіреді”, – деді жалға алушы Жанна Гречкина.

Мектеп директоры бір ай бұрын ғана жалға алушылардың тендерді жеңіп алғанын айтты. Директор балалар жаңа ас мәзіріне әлі үйренбегенін жеткізді.

“Балаларға уақыт керек деп есептеймін. Қазіргі жалға алушылар мұнда ұзақ уақыт жұмыс істеген. Балалар тамақтарына үйреніп қалды. Бірақ күн сайын таңертең комиссиямен бірге біз барлық тағамдарды тексереміз, бәрі қатаң түрде, мәзірге сәйкес”, – деді Ербосын Кәрімов.

Талқылау