Қатарынан төрт жеңіліске ұшыраған Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен құлдырады
Футболдан Қазақстан құрамасы соңғы Әзірбайжан құрамасынан жеңілгеннен кейін ФИФА-ның онлайн рейтингінде төмен құлдырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images
Қатарынан төрт жеңіліске ұшыраған Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен құлдырады. Жақында ғана екі бірдей жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшыраған Қазақстан құрамасы алты сатыға төмен құлдыраған. Ұлттық құрама бұған дейін 103-орында тұрса, қазір алты сатыға түсіп 109-орынға жайғасқан. Ал рейтингтің басында Аргентина, Франция сияқты әлем чемпионатын ұтқан құрамалар тұр.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулерде Армения (1:2) және Әзірбайжан (2:3) құрамаларынан ұтылып қалды. Сондай-ақ оған дейін Еуро-2024 жолдамасы үшін матчта Грекияға (0:5) есе жіберген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

