Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуін қызымды зорлады деп айыптаған": Испаниядан Катардың бұрынғы ханшайымының денесі табылды

Катар әмірі Абдулазиз бен Халифа Әл-Танидің ағасының бұрынғы әйелі Касиа Галланионың денесі Испаниядан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Галланио Испанияның Марбелла қаласындағы үйінде өлі күйінде табылды. Өлімнің себебі есірткінің артық дозалануы болды. Ханшайым Катардың атақты корольдік отбасының мүшесі,  жоғары лауазымды қызметтерді атқаратын Аль Танидің үшінші әйелі болған.

Үш қыздары бар ерлі-зайыптылар 2006 жылы ажырасқан. Галланио бұрынғы күйеуін қыздарының біріне жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптап, балаға қамқорлық үшін көп жылдар бойы күрескен. Алайда бұл істе ол жеңіске жете алмай қыздар әкелерімен қалған.



“El Espanol” басылымының мәліметінше осы жылдың сәуір айында қыздың өзі әкесінің үстінен оны қудалау үшін айыптап, шағым түсірген. Әл Тани мен оның қыздары тұрған Париждің прокуратурасы алдын ала тергеуді бастады. Осыдан кейін екі үлкен қыз әкесінен Испаниядағы анасына қашып келген. Ал ең кішісі Францияда тұруға қалған.

Катар ханзадасы мен әмірдің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарады. Бірақ тергеу әлі жалғасуда.

Талқылау