"Қаталмын, бірбеткеймін": Дариға Бадықова қандай мінезінің арқасында жетістікке жеткенін айтты
"Кейінгі кезде мінезім жұмсарып барады". Оқырмандарына ағынан жарылған Дариға Бадықова осылай деп жан сырын ақтарды. Актриса қандай мінезінің арқасында жетістікке жеткенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жалпы мінезім қатал, майда, пәтуәсі жоқ ұрыстарға кірісе бермеймін. Ұрыс болып жатса тоқтатуға тырысамын.
Мінезімнің қаталдығы, дауысым да байсалды. Шәңкілдеп айғайлай алмаймын. Не нәрсенің әділ болғанын қалаймын.⠀
Жағымпаз мінезділерді суқаным сүймейді. Ешкіні тәте дей бермеймін. Бірақ бірбеткейлігімнің арқасында жетістік болған сияқты", – деп жазба қалдырды Бадықова желідегі парақшасында.
Алайда өнер иесі соңғы кездері мінезінің өзгеріп баратынын атап өтті. Өзі ұнатпайтын тұйық мінезділер қатарына қосылудан қорқатынын меңзеді.⠀
"Бірақ кейінгі кезде жұмсарып барамын.⠀Көп нәрсеге көз жұмып, қойшы дейтін болыппын. Әділ болса да, болмаса да тұра беретін болыппын. Неге? Тұйықталып кетпейтін шығармын, иә?⠀Тұйық мінезділер ұнай бермейді", – деді ол.