Қастандық жасалған Словакия премьер-министрінің жағдайы белгілі болды
15 мамырда Словакия премьер-министрі Роберт Фикоға қастандық жасалып, ол оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігерлер премьер-министрдің денсаулығы жақсарғанын айтты.
"Бүгінгі консультациядан кейін дәрігерлер тобы премьер-министр мырзаның денсаулығының жақсарып, беті бері қарағанын растады", – делінген Банска-Бистрица ауруханасының мәлімдемесінде.
Осыған дейін Словакия премьер-министріне қастандық жасалғанын жаздық. Саясаткердің іш қуысына қан кеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қастандықты айыптады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған