Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық барлау орталығының сайты Каспий теңізінде бесінші жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Сейсмографтардың мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 04:17-де магнитудасы 3,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қайнар көзі 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің ошағынан Ақтауға дейінгі қашықтық шамамен 326 шақырым.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген еді.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"