Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий қызыл түске боялды: Экологтар жағдайға қатысты түсініктеме берді

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында су қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Жұртшылық экологтардан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті

Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдіріп, мұның табиғи құбылыс екенін жеткізді.

“Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары биыл 12 ақпанда Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялғанына байланысты теңіз суының сынамасын алды. Бұл – жыл сайын болатын құбылыс. Зерттеу аясында суда химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің болуына талдау жасалады. Нәтижеcі кейінірек жарияланады", – делінген хабарламада.

Ақтау қаласының экологы Кирилл Осиннің айтуынша, бұл құбылыс жыл сайын қыс мезгілінде, балдырлардың белсенді түрде гүлдей бастаған кезінде болады. 



“Әсіресе қар жауған кезде қызыл реңк қорқынышты көрінуі мүмкін. Бұл іс жүзінде қоңыр балдырлар", — деп атап өтті эколог.

Су сынамалары "Достар", "Нұр-Плаза" жағажайларында және яхта клубы ауданында алынды.

Талқылау