"Қасқырлар кек алған": Полиция желідегі ер адамның мәйіті түсіріліген суретке қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде жыртқыштар талап кеткен ер адамның мәйіті түсірілген сурет тарады. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әлеуметтік желіден алынған
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта ер адамды қасқырлардың талап кеткені, осылайша “қасқырлардың кек алғаны” туралы жазылған.
Ақмола полиция департаменті фотодағы мәйіттің Қазақстанға қатысы жоқ екенін хабарлады.
"Бұл дерек Ресей Федерациясының ресми БАҚ-тарында жазылған, оқиға Кубань аумағында болған. Краснодар өлкесінің Журавлевка қаласының 47 жастағы тұрғыны екені анықталған", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”