Қасқыр өзін баққан адамға екі жылдан соң қайта оралған (видео)
Шешенстанда қасқыр өзін бағып, өсірген адамды екі жылдан кейін орманда тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Gor басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік Хасан есімді азамат біраз уақыттан бері жабайы жануарлар мен қасқырларды күтіп-баптаумен айналысады. Бірнеше жыл бұрын оған Осетиядан жетім қалған қасқырдың күшігін әкеліпті. Осылайша Хасан оны өсіріп, кейіннен орманда өмір сүруі керек деп шешіп, босатып жібереді.
2023 жылы Хасан қасқырды тауға апарып, онымен мәңгілікке қош айтысқан. Босатылған жануар иесімен қоштасқысы келмеген секілді. Қасқыр екі жыл қаңғып жүріп, 2025 жылдың қаңтарында үйіне жол тауып, Хасанға оралған.
Бұл уақыт ішінде жыртқыш жабайы болған жоқ. Ол әлі күнге дейін адамдарға еркелеп, кәдімгі ит сияқты балалармен ойнайды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"