Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады
Қазақстан Республикасының уақытша президенті міндетін атқару жүктелген сенаттың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстанның президенті атанды.


Бүгін өтіп жатқан парламент палатасының бірлескен отырысына Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"