Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дерекккөз Vesti.kz
Президент Twitter-дегі парақшасында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы топтағы жеңісімен құттықтап, алғыс айтты.
"Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасындағы өз тобында бірінші орын алды. Бұл үлкен жетістік. Спортшыларымызды құттықтаймын және осы танымал спорт түрінде жаңа жетістіктер тілеймін!" – деп жазды Президент.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын тізе бүктіріп, Ұлттар лигасындағы өз тобында жеңіске жеткені жайлы айтылған болатын. Астанада өткен ойын 2:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

