Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқы" қорына қаржының бюджеттік қызметкерлер жалақысынан жиналуын сынға алды
Елімізде “Қазақстан халқына” қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдасқан отырысы өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл отырысыта мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерден қорға ақша жиналатынын айтып, сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент елімізде пайдаға кенеліп отырған қалталы кәсіпкерлердің аз емес екендігін және бұл қорды жеке, ірі компаниялардың қаржыландыруға тиіс екендігін айтты.
“Қорға мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлерден күнделікті жалақы жинай бастадық. Бұл – мүлдем қажетсіз бастама. Бұл бюджеттік қор емес, бұл “Қазақстан халқының” қоры. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық процедураларсыз құрылуы керек”, – деді президент.
Қор жұмысының ашық түрде болатынын да айта кетті.
“Барлық қайырымдылықпен айналысатын ірі компанияларға үкімет белгілеген салынатын салықтың пайызы енгізіледі. Бизнес қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдап, қор тиісті жобаларды іске асыруға көмектеседі деп сенемін”, – деп түйіндеді ол.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"