Президент қашықтан оқыту жайлы: Білім министрлігі жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнім бар
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтан оқуға байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады.
Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс.
1 қыркүйектен бастап жаңа оқу жылы басталады. Мен министрліктің бұл шараға дайын екендігіне күмәнім бар. Күндізгі немесе қашықтан балалар қалай оқиды? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?", - деп алаңдаушылық білдірді президент.