Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баланың видео жазбасына жауап берді (видео)

Қазақстан gрезиденті Қордайдағы қақтығыстарға арандатушыларды айыптады және оның міндеті елдегі бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету екенін айтты деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы дүнген бала Қазақстан gрезидентіне Қордайдағы тәртіпсіздіктер туралы видео үндеу жазған. Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де осы жазбаға қатысты жауап берген.


Тағы оқыңыз


«Қазіргі уақытта маған азаматтар тарапынае көптеген өтініштүсіп жатыр. Мен дүнген баласының бейне хабарламасына назар аудардым.  Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», - деді мемлекет басшысы.

Сенбі күні дүнгендік бала Қазақстан басшысына видео хабарлама жіберіп,  видео әлеуметтік желілерде тарады.

Бала президенттен көмек сұрап, қатты қорқатынын, үйлер өртеніп, балалар жылап жатқандығын айтқан. 

"Бүгінгі күнге сенім бар ма, президент мырза", - дейді бала.

 

Президент өз кезегінде «қантөгіс үкімет қызметкерлерінің енжарлығынан және арандатушылардың кінәсінен болды» деп атап өтті.

 

Талқылау