Қашықтан оқу: Қазақстандық білім жүйелері жұмыс істемей қалды
Қазақстандық мектеп оқушылары бүгін сабаққа қатыса алмады. Жаңа оқу жылына қызу дайындыққа қарамастан, қашықтан оқу форматы алғашқы күні-ақ сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ата-аналар балаларының бейнеконференцияға қосыла алмай, виртуалды сабаққа бара алмайтындығына шағымданды.
"Қазақ тілі сабағы 16-минуттан кейін басталды өйткені мұғалім сыныпты бірден жинай алмады. Мұғалім сілтемені балаларға жібереді. Артынша балалар сілтеме бойынша кіруі керек. Бірақ жүйе қайта-қайта лақтыра береді. Осылайша уақыт кетіп қалады. Техникалық ақаулардан дыбыс кеш шығып, мұғалімнің дауысы естілмейді", - дейді ата-аналардың бірі Ирина Перминова.
Қазақстан бойынша мыңдаған оқушылар техникалық ақауларға тап болды. Ата-аналар қосыла алмадық деп шағымданады. Интернет жылдамдығы да баяу болған.
- Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер оқушыларды қалай бағалайды: Министр айтып берді
- Сапарбаевтың өзі шықпай қойған: Қашықтан оқуға мүлдем жағдай жоқ деп шу шығарған аналар әкімдікке басып кірді
Алматы әкімдігі интернет-платформалар жұмысында сәтсіздік болғанын мойындады. Мәселе жүйенің шамадан тыс жүктелуіне байланысты орын алған. Серверлер студенттердің шамадан тыс болуын көтере алмаған. Білім бөлімі барлық қажетті шаралар қабылдануда деп сендірді. Олар ақауларды жақын арада түзетуге уәде берді.
"Бізде 300 мыңға жуық бала бар. Барлығы бірден жүйеге кіреді, платформаларды пайдаланады.Қазір олқылықтарды жөндеп жатырмыз. Мәселе бірнеше күнде шешілетін болады", - дейді білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик.