Қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлінді: Білім министрі ақпаратты жоққа шығарды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлінді деген хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзіне қарағанда, төртінші тоқсанда теледидардан көрсетілген сабақтар тегін түсірілген.
"1 қыркүйектен бастап телевизиялық сабақтарды "Хабар" агенттігі түсіріп жатыр, бұл жерде тапсырыс бердік, жұмыс жүріп жатыр", - деді ол.
- Білім министрі: Бастауыш сыныпта оқитын балаларды 100 пайыз мектепке қабылдай аламыз
- Денсаулық сақтау министрі бірінші тоқсанда оқушылардың мектепке оқуға баруына қарсы шықты
Сондай-ақ, министр Дүниежүзілік банк бөлген ақшаға неліктен компьютерлер сатып алынбағанын айтты. Оның айтуынша, 2014 жылы осы қарыз бойынша шешім қабылданды. 2018 жылы депутаттар оны қолдады.
"Кез-келген жоба жүзеге асырылған кезде осы жобаның жоспары мен бағдарламасы, регламенттері мен ережелері, оның ішінде Дүниежүзілік банк бар. Осы жоспар бойынша компьютерлерді сатып алу 2021 жылға жоспарланған. Тиісінше, 2020 жылғы бюджетте бұл қаражат болмады", - деді министр.
Наурыз айында қазақстандық мектептерге "қашықтан оқытуға" көшуге байланысты көптеген техника қажет екені белгілі болған кезде, ведомство Дүниежүзілік банкке жүгінді.
"Ереже бойынша, халықаралық конкурстық сауда-саттық тоғыз айдан 12 айға дейін созылады. Егер наурыз айында конкурс жарияланса да, жеткізу мәселелерін есептемегенде, 2021 жылы келісім жасар едік. Жергілікті атқарушы органдар мен жалпы бюджеттен компьютерлерге қаражат бөлінгенін ескере отырып, бұл шараны жою туралы шешім қабылданды", - деді Аймағамбетов.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
