Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі: Бастауыш сыныпта оқитын балаларды 100 пайыз мектепке қабылдай аламыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифинг барысында бастауыш сыныптың оқушыларын толығымен кезекші сыныпқа қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр ата-аналардың басым бөлігі балаларын кезекші сыныпқа беруге ниет білдірмегенін айтады. Оның сөзінше, егер бастауыш сыныптардың барлығы дерлік мектепке келіп оқуға ниет білдірсе, білім жүйесі мұндай ұсынысқа толығымен дайын. 

"1-4 сыныптарда ата-аналар толығымен келісетін болса, біз 100 пайыз оқушыларды қабылдауға дайынбыз. Бірақ солай айтқанның өзінде, кезекші сыныптарға өтініш берген балалардың саны 50 пайызға да жетпейді. Мәселен бірінші сыныпта - 55 пайыз, екінші сыныпта - 31 пайыз, үшінші сыныпта -27 пайыз, төртінші сыныпта - 21 пайыз ғана сабаққа қатысып жатыр", - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Осылайша білім және ғылым мнистрі кезекші сыныптардың жұмысымен бөлісті. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның білім министрлігі балаларды мектепке қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. 


Талқылау