Қашықтан оқыту: Тоқаев білім беру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

"Атап айтқанда, заң қашықтан оқыту тәртібін анықтайды", - деп жазды Zakon.kz.

Сондай-ақ оқулықтарды дайындауды қамтамасыз ететін, оның ішінде олардың сапасын бақылаудың тиімді жүйесін құратын және авторлардың жауапкершілігін күшейтетін жекелеген нормалар енгізіледі.

Бұдан басқа, тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде балалардың қосымша білім алуына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бағытталған түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерде мемлекеттік мектептерде, балабақшаларда қолданылатын тамақтандыруды ұйымдастыру рәсімдерін таратуға бағытталған нормалар енгізілді.

Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында енгізуге тыйым салынған немесе пайдалану үшін шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті айқындалған.

Бұл ретте білім туралы құжаттарды тану үшін құжаттарды нострификациялау рәсімін ауыстыру көзделген, бұл алынған шетелдік білім мен біліктілікті дипломның баламалылығын белгілемей-ақ тануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар оқулық авторларының жауапкершілігі мен сараптама күшейтіледі, оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау бойынша мониторинг, сондай-ақ барлық мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептер мен колледждерді бес жылда бір рет аттестаттау енгізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр