Қаржы пирамидасынан зардап шеккен қазақстандықтардың қаржысы қашан қайтарылады?
Онлайн-брифинг барысында Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір салымшылардың қаражатын жымқырғандарыды анықтап, мүліктері тәркіленіп жатыр. Сот арқылы күдіктілердің барлық мүлігі зардап шеккендерге қаржысын қайтаруға бағытталады. Қаржы пирамидасы салықтың сенім білдіруінің арқасында туындағандықтан, бұл ұзақ уақытты алатын жұмыс", - дейді Санжан Әділов.
Сонымен қатар, ол "Ломбард-24" қаржы пирамидасынына қатысты тергеу жұмыстары аяқталғанын айтты.
"Ломбард-24" компаниясы бойынша тергеу аяқталды. 30 тұлға жауапқа тартылуда. Олардың ішінде 5 адамға іздеу салынды", - дейді ол.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ