Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігі ірі қаржы пирамидасының қандай заңсыз қызметпен айналысқанын әшкереледі

Қаржы пирамидасы Қазақстандағы зергерлік дүкен атын жамылып жұмыс істеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың наурызынан бастап қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті бірқатар адамдарға қатысты Қазақстанда қаржылық пирамида құру және басқару мәселелері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«ЭТД қызметкерлері зергерлік бұйымдар сатылымын халыққа ұсынатын  зергерлік дүкендер желісінің атымен жұмыс істейтін В2В Jewelry қаржылық (инвестициялық) пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. Онда тұрғындарға зергерлік бұйымдар ұсынып, «кэшбэк» түрінде сатып алу сомасының 104 пайызы мөлшерінде қайтарып беруге уәде береді. Сатып алынған сертификаттың құнына және пирамидаға қатысушылардың санына байланысты жылына 520 пайызға дейін кірістілікке кепілдік беретін «алтын» және «күміс» сертификаттары береміз деп сендіреді», - делінген ақпаратта.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «B2B Jewelry» компаниясы күмәнді, тәуекелі жоғары, классикалық қаржы пирамидасының белгілері орнатылған. Табыс қолданыстағы мүшелердің инвестицияларынан, сондай-ақ ынтымақтастыққа жаңа клиенттерді тартудан алынады, ол үшін бонустық пайыздар төленеді.

217-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша («Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару, адамдар тобы алдын-ала сөз байласу арқылы ақша немесе басқа мүлікті кең көлемде тарту арқылы») сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы «қамауға алу» болды.

«Осыған байланысты қаржы мониторингі комитеті азаматтарды қырағылық танытып, жинақ ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз B2B Jewelry компаниясының қызметімен бетпе-бет келсе, қаржы мониторингі комитетіне хабарласыңыз (Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі, 10) және ЖСҚ Алматыда (Жібек-Жолы даңғылы, 127)»  - деп комитет Қазақстан халқына мәлімдеме жасады.

Талқылау