Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды

Қазақстанның қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің сыртқа 27 триллион теңге қарызы бар екенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашықдереккөзден

“ІЖӨ-ге қатысты 22,8%-дан асып жығылады. Бізде шектеу бар – 33%. Ол қауіпсіз деп саналады”, – деп түсіндірді министр.

Елдің мемлекеттік қарызы дегеніміз не? Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл үкіметтің басқа мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан немесе жеке инвесторлардан алған ақшасы және оны болашақта қайтаруы керек. Әдетте үкімет өз жобаларын қаржыландыру үшін қарызға ақша алады. Сондай-ақ мемлекеттік қарыз бюджет тапшылығын жабу үшін пайдаланылуы мүмкін.



Еске салайық, 2019 жылы кредиттік амнистияға іліккен азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр. Бұл деректі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Сонымен қатар агенттік төрағасы алдағы уақытта қаржы ұйымдарына қарыз болған азаматтарға тағы да кредиттік амнистия берілмейтінін баса айтты. Қазақстанда 2019 жылы мұндай іс-шара қолданылды. Халықтың аз қамтылған санаттарының қарыздары кешіріліп, 500 мыңнан астам азаматтың шамамен 115 млрд теңге қарызы есептен шығарылды. Сонымен қатар 1,2 млн азаматтың шамамен 33,6 млрд теңге сомасындағы айыппұлдары мен өсімпұлы өтелді.

Талқылау