Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарыз қайтарылсын: Назарбаев ақшаны қайтармаған банктерге шүйлікті

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттен ақша алып, оны қайтармаған коммерциялық банктерге шүйлікті. Тіпті қулықтарына құрық бойламайтын қаржы ұйымдары қазынадан бөлінген қаржыны басқа мақсатқа жұмсап жіберген, деп хабарлады КТК арнасы.

назарбаев нұрсұлтан

Сол банктердің атын атап түсін түстеген Елбасы олардың қожайындарына әр тиынды дереу қайтаруды талап етті. Әйтпесе,мәселелеріңді май шаммен қараймыз деді  президент.

“Қазір “Эксим Банк”, “Астана” банк, “Қазақ банктің” көрсеткішкері нашар, акционерлердің басқаруы төмен деңгейде немесе қарыз болып қалған. Енді бәрін мемлекетке жаба салу керек. Егер банктерді сақтап қалғысы келсе, акционерлер шығарып алған ақшаларын қайтарсын”, – деді елбасы.

Осылай деп қатал ескерткен Елбасы бүгін  екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру бағдарламасының тоқтатылатынын айтты. Өйткені мемлекет коммерциялық банктерді дағдарыс кезінде  қолдап 3 триллион теңге бөлсе де қайтарым жоқ. Тіпті қазынадан бөлінген триллиондарды несие ретінде таратудың орнына, басқа жобаларға құйған. Немесе депозитке салып пайда тапқан. Ақордаға елдің қаржы-экономикалық тұрақтылығына жауаптыларды жинаған Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасынан теңге тағдырын да сұрастырды.

Данияр Ақышев болса, АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы төл валютаны құлдыратқанын мойындады. Бірақ аса қатты емес деді. Есесіне нарықтың толық тұрақталғанын мәлімдеді. Ақышевтің жұмысына көңілі толған  президент оған жөн-жосықсыз тиісетіндерді тағы сынға алды.

“Тағы да қайталаймын, Ұлттық банкке қысым көрсетуді қойыңыздар. Ортаға парламент депутаттарын қосып… Бұл не нәрсе? Маған түсініксіз. Ұлттық банк президентке бағынады. Министрлерді кілемге шақыртып жатыр ма? Олай болуы тиіс емес, дұрыс емес”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оқи отырыңыз: 

Депутаттар наразылық білдірді: Астананың мерейтойын атап өтуге 19 миллиард теңге жұмсалады

Депутат министрге: Беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Талқылау