Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар наразылық білдірді: Астананың мерейтойын атап өтуге 19 миллиард теңге жұмсалады

Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуге бюджеттен 18,8 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының отырысында белгілі болды.

Депутаттар наразылық білдірді: Астананың мерейтойын атап өтуге 19 миллиард теңге жұмсалады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Депутат Мұрат Бақтиярұлы қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа неліктен осындай үлкен қаражат бөлінді деген сұрақ қойды.

«Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты 18,8 миллиард теңге бөлінбекші. Ол деген бес-алты күн ішінде ғана өтетін іс-шара. Ал ауруханалар мен мектептердің құрылысына жеті миллиард теңге ғана бөлінген. Мүмкін сол мекемелердің құрылысына көбірек бөлген дұрыс шығар. Бұл ақша қайда жіберіледі? Неге соншалықты көп қаражат бөлінді?»- деп сұрады сенатор.

Бұл сұраққа Бақыт Сұлтанов мерейтой бір жылға жоспарланғандықтан, осындай қаражат бөлінді деп түсіндірді.

«Мерекелік шара жыл бойы өткізіледі және оған еліміздің барлық өңірлері қатысады. Әр түрлі іс-шаралар жайлы ақпарат ұсына аламыз. Сонымен қатар жұмыс тобына бұл іс-шараның бір жылға жоспарланғанын хабарлаймыз», – дейді Қаржы министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар,  мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков өз кезегінде, ақшаның неге  жұмсалатынын айтып өтті.

«Жалпы алғанда, Елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында 85 іс-шараға 18 млрд 800 млн теңге жұмсалады. Бұл жөнінде Қаржы министрлігі бізді толығымен қолдады және бұл қаражат бюджетке қойылған. Біз бұл іс-шараларды абыроймен өткіземіз деп үміттенеміз», – деді ол.

Тағы оқыңыз:

Саясаттанушы Досым Сәтпаев майдан туралы әңгімелердің біздің елде қайталануы кездейсоқ емес деп санайды

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр