Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Ресейдің іздеу тобы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің сүйек қалдықтарын тапты. Бірақ іздеуде болған қазақстандық сарбаздың туыстары әлі табылған жоқ.

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Сурет: «Примирение» барлау бөлімі

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ресейдің «Примирение» барлау бөлімі жауынгердің сүйек қалдықтарын Ленинград облысынан тапты.

«Ленинград облысының Киров ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Гайтолово ауылының маңынан кеудесінде әлі оқуға болатын медальоны бар Қызыл Әскер жауынгері табылды. Сарбаздың сүйегі тереңдігі 30 сантиметр болатын сазды топырақтан алынды. Іздестіру кезінде жауынгерде өзімен бірге болған котолок қасық, шыны банкі, газ маскасы секілді жеке заттар да табылды.  Сонымен қатар, батырдың өзімен бірге РГД-нің екі гранатасы болған », – дейді бөлімшенің командирі Сергей Барсуков.

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

 

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Медальондағы деректер бойынша бұл сүйек қалдықтары Көкшетау облысының Чистополь ауданында 1914 жылы туылған, Гаршино ауылының тумасы Абдұлқасым Жаманбаевқа тиесілі. Ол 1941 жылдың 18 шілдесінде, яғни соғыс басталған уақытта  Рузаевск әскери бөлімшесіне шақырылған және 1942 жылдың ақпанынан бастап оның хабарсыз кеткені хабарлады.

«Соғыстан кейінгі жылдарда қазақстандық сарбазды әкесі Әбубәкір Исмаилов іздестіп, іздеу нәтижесі сәтсіз аяқталған. Тек 76 жылдан кейін жауынгердің сүйегі Ленинград топырағынан табылды. Болашақта, Қазақстанның басқа да батырлары өз жеріне жеткізіледі деп үміттенеміз», – дейді іздеу тобы.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 12 жастағы жасөспірім көршісі атқан от-шашудің кесірінен соқыр болып қалуы мүмкін

Қазақ қызының терезеден секіріп кетуіне Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы кінәлі болуы мүмкін

Шымкентте 188 адамды кімнің улағаны белгілі болды

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр