Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер өліммен аяқталған оқиғаны тергеуге алды.

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-ге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің сөзіне сенсек, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні байқамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда өтіп кеткен. Салдарынан 41 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып, өлтіріп қойды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық бұзушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға бүгін таңертең Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алды.

Тағы оқыңыз:

Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Елімізде ҰБТ қарсаңында «тест саудасы» қызып жатыр

Қазақ қызының терезеден секіріп кетуіне Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы кінәлі болуы мүмкін

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр