Картингтегі бала өлімі: Алаң директоры күдікті деп танылды
Алматы облысында картинг тебу кезінде қайтыс болған баланың ісіне қатысты алаң директоры күдікті деп танылды. Оқиға Іле ауданындағы картодромда болған.

Осы іс бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы "абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс материалдары бойынша, 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікті деп танылды.
Қазір полиция қайтыс болған баланың картингін соққан қызды іздеп жатыр.
Картинг орталығының басшылығы ешқандай түсініктеме берген жоқ. Олар уақытша жұмысын тоқтатқан.
Бұған дейін Алматы облысында он жастағы баланың картингте мерт болғанын хабарлаған едік.