Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қартайтпауға тырысып келемін": Жанболат Жазираны туған күнімен ерекше құттықтады

Әнші Жазира Байырбекова 43 жасқа толды. Өнер иесін алғашқылардың бірі болып жары Жанболат көпшілік алдында құттықтады. Ол Instagram желісінде жұбайына ерекше жазба арнап, жұртты күлдірді, деп жазады Stan.kz.

"Жазира, туған күніңмен! Ертерек құттықтап қоймасам сағат 12:00-ге дейін ұйықтап қалуым мүмкін. Ертең ерте тұруым керек, шаруаларым бар өзің білесің ғой. Келесі жылға дейін бұйыртса үйімізді көтеріп бітіруіміз керек. 

Көкем, ботам, ақұдай, саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін! Сосын ауыра бермеші, әлі Құдай қаласа баламызды үйлендіріп, қызымызды ұзатуымыз керек. Қаншама халқың қыздарын ұзатамыз деп, сені күтіп, ниеттеніп жүр. 



Сені қартайтпауға, миыңды ашытпауға тырысып келе жатырмын ғой. Қалай өзі, байқап жүрген шығарсың. Ұзын жазудың қысқасы, Алла тағаланың берген жасын жасай бер! Халқыңның ерке сыйлы қызы болып, гүлдей жайнап, жақсы әндеріңмен еліңді қуантып жүруіңе тілектеспін!

Қайырлы түн, ағайын! Ұйықтап қалмасаңыздар, Жазира Байырбекованы құттықтап қойсаңыздар болады жақсыларым! Баршаңызды құшақтадым! Аман сау болайық, бауырымыз бүтін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ардақты ағайын! 

Айтпақшы Жазира, ертең бұйыртса қонақтар құттықтап келеміз деп жатқан жоқ па? Мен үйде болмаймын, если что құрлыс жақта болам. Ер адамдар кеп жатса, тікесінен құрылыс жаққа жібере бер, кірпіш, цемент, тағы басқа жұмыстар бар", – деп қалжың аралас жазба қалдырды Жанболат Ербатыров. 

Желі оқырмандары Байырбековаға ақ тілектерін жаудырып, Жанболаттың жазбасына бір күліп алғандарын жазды. 

Талқылау