"Қарсы тұру мүмкін емес": Депутат ШҚО-дағы су тасқыны туралы айтты
Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашынов ШҚО-дағы су тасқынына қатысты жағдайдың алаңдатарлық екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Міне, елде жүрміз, мен Ерлан Саиров екеуміз бес ауданды аралап өттік. Жағдай алаңдатарлық. Ол – табиғат, қарсы тұру мүмкін емес. Бірақ елдегі азаматтар, бауырлар керемет тасқынға қарсы тұрып, елін, жерін топан суға бермей, бір қолдан жең шығарып, төтеп беріп тұр”, – делінген жазбада.
Депутаттың айтуынша, тасқын суды бөгемеу үшін облыстық маңызы бар Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар тас жолының бөлігі кесіліп, жолдың келесі бетіне өткізіліп жатыр.
Депутат облыстағы жағдай тұрақталғанша Шығыс Қазақстанда болатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстанда су тасқынының шарықтау шегі қашан болатынын айтқан еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған