"Қарыз алып қайтармаған": Ішкі істер министрі генерал-майор Берік Біләловке қатысты қылмыстық іс туралы айтты
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД бастығының міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты қылмыстық іс оның бұрынғы қарызы үшін қозғалғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Сенат отырысында журналистердің сауалына осыдан екі жыл бұрын Берік Біләловтің біреуден қарыз алып, қайтармағанын айтты.
“Қазір ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне арызданушының өтінішін тіркеді. Біләлов одан ақша алып, қайтармаған. Іс объективті болуы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды", – деді Ахметжанов.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен